Курс от University at Buffalo, The State University of New YorkБұл курс Blockchain мамандығына кіріспе, Bitcoin хаттамасынан бастап, Ethereum хаттамасына дейінгі тақырыптарды қамти отырып, қосымшаларды әзірлеу мен бағдарламалауға қажетті блокчейн технологиясын кең ауқымда ұсынады. Сіз жеке Ethereum blockchain-ініңізде түйін мен аккаунт құру, аккаунты блоктан шығару, майнинг пен транзакцияларды жүзеге асыру, Ether-лерді аудару, бірліктерді тексеру секілді функцияларды үйренесіз. Орталықсыздандырылған тікелей аудару жүйесі, өзгермейтін таратылған тізілім және сенім моделімен таныс боласыз. Осы курс арқылы сіз blockchain компоненттерінің негізін (транзакция, блок, блок негізі, және тізбек), алгоритімдік операцияларын (тексеру, мақұлдау және келісім жасау моделі) және сенімнің негіздерін (күрделі және жеңіл тармақталу) түсіндіре алатын боласыз. Курс мазмұны смарт-контракт пен орталықсыздандырылған қосымшалар мамандықтарының негізі болатын, блокчейнді бағдарламалау үшін қажетті хэштеу және криптография негіздерінен тұрады. Сіз арнайы осы курс үшін жасақталған виртуалды бағдарламада Ethereum сынақ тізбегін құру және онымен жұмыс жасау мүмкіндігін аласыз. Бұл практикалық жұмыс blockchain-нің, соның ішінде транзакциялар, блоктар мен майнинг функцияларының қалай жұмыс жасайтынын түсінуге көмектеседі.
4 модулей · 61 учебных материалов

Professor of Teaching