Курс от University of California, IrvineЖұмыс орны бұрынғыдай емес, бір-біріне ұқсамайды. Әлем халқының саны өскен сайын біздің байланысымыз да арта түседі. Түрлі буын өкілімен, тәжірибесі, мәдениеті, жынысы, бағдары және діні бір-біріне ұқсамайтын әріптестермен жұмыс істеу қалыпты жағдайға айналуда. Әртүрліліктің артуы мен қашықтан немесе гибридті жұмыс істеу тәсіліне көшу қарым-қатынастың тиісті стратегиясы мен әдістемесін жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Бұл курс команда нәтижесін ғана емес, сондай-ақ, түрлі ортаға жататын әріптестермен байланысты арттыру үшін өзіңізге жақын қарым-қатынас стиліңізді анықтап, бейімдеуге үйретеді. Осы курстың соңында сіз: 1. Өзіңізге жақын қарым-қатынас стиліңіздің анықтайсыз; 2. Қарым-қатынас тиімділігін арттыруға көмектесетін әдістерді сипаттап бере аласыз; 3. Демографияның өзгеруі жұмыстағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін талқылайсыз; 4. Жұмыстағы бес буын мен олардың қарым-қатынастың қай түрін қалайтынын ажыратып бере аласыз; 5. Түрлі жұмыс ортасына тән бетпе-бет, виртуалды немесе гибрид кездесу сияқты қарым- қатынас түрінің артықшылығын анықтайсыз; 6. Түрлі жұмыс күшімен қарым-қатынасқа енудің тиімді тәсілдерін талқылайсыз; 7. Жұмыстағы командамен дұрыс тіл табыса алу үшін қарым-қатынасты бейімдей білу стратегиясын қолданасыз.
4 модулей · 44 учебных материалов

Executive Coach