Курс от University of TorontoКоммуникация өзгерді! Сөйлеу мен презентация, жиналысты үйлестіру, келіссөздер жүргізу және идеяларды сатудың дәстүрлі қағидалары скайп, мессенджер, видео және телеконференция әлемінде енді қолданылмайды. Бұл курста әрқайсы жеке дәріске жүк болатын бірнеше ұғымдарға жалпы шолу жасалған. Біздің мақсатымыз: өз бетіңізбен дамып, оныңызды жетілдіре алатын тәсілдер беру. Осы курстың соңында сіз: • Бетпе-бет кездесетін командалар мен виртуал топтарға коммуникация ұстанымдары мен әдістерін қолданасыз Әсерлі презентация жасау үшін ғылымға сүйенген тәсілді қолданасыз Адамдарды сендіріп, оларға әсер ету үшін коммуникация стиліңізді жақсартасыз Нәтижелі, әсерлі жиналыс өткізесіз Мәселе көтеретін оңды әңгіме жүргізесіз, адам даусы естілетінін, адам құнды екенін дәлелдейтін стратегияларды біріктіресіз *** Осы курста сөйлеген сөзіңіздің аудио жазбасын талап етеміз. Камерасы мен микрофоны істейтін телефоныңыз/компьютеріңіз болуы керек. БҰЛ КУРСТЫ КІМ ОҚУҒА ТИІС? Кез келген, кәсіби не жетекшілік басқаруды көздеген адам оқи алады. Бұл курстағы мысалдардың көбі кәсіби және іскерлік саладан алынған. Қазір істеп жүрген жұмысыңызда ілгерілеп не әлеуетті жұмыс берушілер үшін тұлғалық құндылығыңызды арттырсам десеңіз, бұл курс дәл сізге арналған. КУРС НЕСІМЕН ТИІМДІ? Көптеген білім беру курстары тәжірибелерін сипаттайды, түсіндіреді, ал бұл курста біз сол тәжірибені қолданамыз әрі көрсетеміз. Өмірмен байланысты және дәлелденген тұтас ойларды үйретеміз, оларды күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік беріп, қауіпсіз ортада қолдану жолын көрсетеміз. Бұл курс ұсынылған идеяны іске асыруға және олардың тиімділігін іс жүзінде сынауға мүмкіндік береді. НЕГЕ БҰЛ КУРСТЫ ОҚУ КЕРЕК? Виртуал команданың құрамында болу нені білдіреді деген түсінікті толықтырып, қандай командада жұмыс істесеңіз де оның белсенді мүшесі болуға қолдау көрсетеміз. Бұл курс сіздің білім күшіңізді арттыра да, жайсыздық тудыра да алады, себебі жаңа нәрселер өсу мен өзгеріс әкеледі. Бұл курсты Торонто Университетінің Үздіксіз білім беру мектебі ұсынған. (https://learn.utoronto.ca/).
4 модулей · 61 учебных материалов

Instructor