Қош келдіңіз! Деректерге анализ жасау құралдарын пайдаланып, бизнес пен экономикалық сұрақтарды талдап, шешкіңіз келе ме? Онда сізге Эразм Роттердам университетінің эконометрика курсын оқу керек, өйткені бұл курста болжам жасап, шешім қабылдау үшін деректерді модельге түрлендіруді үйренесіз. * Мұнда не үйренемін? Эконометриканы білсеңіз, деректерді модельге түрлендіріп, болжам жасай аласыз, макроэкономика, қаржы және маркетинг сияқты түрлі салаларда шешім қабылдай аласыз. Бұл курс қарапайым және көптүрлі регрессия туралы кіріспе дәрістерден басталады, ары қарай модельді анықтау, эндогенді айнымалылар, бинарлы таңдау мен уақыт қатарының деректерін талдайсыз. Эконометриканың негізгі ұғымдарын түсіну үшін тесттері бар видеоларды көресіз және дәрістен кейін практикалық жаттығу жасайсыз. * Алдын ала не білуім керек? Бұл курс экономика, қаржы, бизнес, инженерия және деректерді талдау саласындағы (жоғары курс студенттеріне) студенттерге, сондай-ақ осы салаларда жұмыс істейтіндерге арналған. Осы курсты сәтті өту үшін матрица, ықтималдық пен статистиканың кейбір негізгі түсініктерін білуіңіз керек, бұл ұғымдарға көмекші блокта шолу жасадық. Математиканы көп қажет етпейтін, кіріспе сипаттағы эконометрика бойынша курс іздесеңіз, сізге Эразм Роттердам университетінің Coursera-дағы «Enjoyable Econometrics» курсы сәйкес келуі мүмкін. * Курсты түсіну үшін қайсы әдебиеттерді қолдануға болады? Қосымша ештеңе оқымай-ақ, курсты өте аласыз. Талқыланған тақырыптар (соның ішінде көмекші блоктар) бойынша біліміңізді әрі қарай шыңдау үшін осы курста қолданылған біздің оқулықты оқи аласыз: Econometric Methods with Applications in Business and Economics, Oxford University Press. Курстың модулі мен кітаптың сәйкес тарауы «Курс нұсқаулығы – Қосымша ақпарат – Ары қарай не оқысам болады» деген бөлімде көрсетілген. * Курс бойынша көмек беретін оқытушының көмекшілері бола ма? Эконометрика институтымыздың қызметкерлері мен PhD студенттері әр қаңтар, ақпан айларында студенттерге бағыт-бағдар береді. Басқа уақытта қарапайым нұсқау ғана бере аламыз. Осы курстағы ұғымдар мен жаттығуларды талқылау үшін осы курсты оқып жатқан басқа студенттермен байланысуға тырысыңыз. * Сертификат алу үшін не істеу керек? Осы курстың сертификатын алу үшін алты тест (әр модульге бір тест) орындап, кейс жобасын жасау керек. Тағы да, осы курста оқитын үш сыныптасыңыздың жұмысын өзара бағалау қажет. Барлық жеті тапсырманы тапсырсаңыз ғана, сертификат аласыз. Эконометриканың таңғажайып әлеміндегі саяхатыңыз табысты болсын. Эконометрика курсының командасы
9 модулей · 134 учебных материалов

PhD candidate

Prof. Dr.

Dr.

Dr.
MSc.
Dr.

Prof. Dr.

Prof. Dr.

Prof. Dr.

PhD candidate