Курс от California Institute of the ArtsАйналамыз графикалық дизайнға толы! Сөздер мен суреттер – графикалық дизайнның негізгі бөліктері, себебі, олар цифрлық және баспа әлемнің негізін құрайды. Графикалық дизайн өмірімізге кең таралған сайын, мәдени тұрмысымызда оның маңызы арта түсті. Көрнекі мысалдар арқылы бұл курстан түрлі бейне жасауды, типографиканы, композицияны, түспен және формамен қалай жұмыс істеуді, графикалық дизайнның барлық салаларына ортақ негізгі дағдыларды, сондай-ақ графикалық дизайнның негізгі принциптерін үйренесіз. Дизайн жайында ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар дизайн жасағандарыңызды да қалаймын. Дизайнер болғыңыз келсе, шығармашыл жан және коммуникатор болуыңыз керек. Сондықтан бұл курс өзіңізге әртүрлі жаттығулар мен практикалық жобалар жасап көруге мүмкіндік береді. Курс соңында сурет салудың әртүрлі әдісін қолдана отырып, визуал көріністің не екенін түсінесіз; формамен, түспен және өрнекпен жұмыс істеудің негізгі принциптерін ұғасыз; типография және сол салаға қатысты дағдыларымен танысасыз; композиция мен визуал контраст принциптерін түсініп, қолдануды үйренесіз. Осы курсты, сондай-ақ оның қосымша (өтуге ұсынылатын) тапсырмаларын аяқтасаңыз, жобаларыңызда қолдануға немесе графикалық дизайнның мамандандырылған саласын тереңірек зерттеуге болатын графикалық дизайн дағдыларының негізгі жиынтығын меңгересіз. Бұл курсты компьютерден өткеніңіз абзал. Курсты басқа құралдармен өту қиындық тудыруы мүмкін. Қосымша тапсырмаларды орындаған кезде Illustrator, Photoshop және InDesign сияқты Adobe Creative Suite бағдарламаларын бастапқы деңгейде білу көп көмектеседі.
6 модулей · 76 учебных материалов

Faculty, Program in Graphic Design