Курс от Utrecht UniversityӘлемдегі біраз елде адам құқығы бұзылған. Бейбіт наразылықтар күшпен басылып жатыр. Сайлау бұрмалануда. Азшылық топтар шеттетілуде. Осының бәрі еркіндік пен теңдікті қалайтын ашық қоғамға қауіп төндіреді. Әлем гүлденуі үшін ашық қоғам орнап, адам құқығы қорғалуы қажет. Бірақ бұл күреске толы қиын жол. Курстан өту арқылы адам құқықтары мен оны қорғау жөніндегі біліміңізді дамытыңыз. Бұл курста әлемдегі адам құқықтары саласындағы ең озық жүйелердің бірі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенциямен таныстырамыз. Сіз адамның құқығы бұзылғанда ол Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі сотына қандай жағдайда және қалай жүгіне алатынын үйренесіз. Соттың қазіргі адам құқықтары саласындағы күрделі дилеммаларды шешу жолын көресіз. Сондай-ақ пікір айту мен шеруге шығу, сайлау құқықтары мен кемсітушілікке тыйым салуға тоқталамыз. Сонымен қатар мигранттар мен босқындардың, басқа да әлсіз топтардың құқықтары туралы сөз қозғаймыз. Құқықты қай кезде және қалай шектеуге болатынына тоқталамыз. Бұл курста тіпті қорғаушы ит және балмұздақ туралы мысалдар кездеседі. Еуропалық конвенцияға бірге саяхаттайық!
6 модулей · 52 учебных материалов

Prof. dr.

Prof. dr.

Lecturer/PhD Candidate