Курс от IESE Business SchoolБірде Питер Друкер, менеджмент саласын алғаш зерттеушілердің бірі, адамдарда адамға тән мінез-құлық көрсетуге қатты құлшыныстың бар екенін айтты. Әрине, біз машина емеспіз, бізді бағдарламалауға болмайды. Алайда ұйымдық мінез-құлықты зерттеу арқылы адамдарды жұмыс істеуге не итермелейтінін біле аламыз. Өз мінез-құлқыңызды, сондай-ақ әріптестеріңіз, командаларыңыз бен көшбасшыларыңыздың мінез-құлқын жақсырақ түсіну – сіз бен ұйымыңыздың жұмысына оң өзгерістер әкелетін алғашқы маңызды қадам. Сондықтан берілген курстың мақсаты – басты төрт бағыт бойынша мәлімет беру. Мотивация. Курстың бұл бөлігінде біз мотивация ұғымын түсінуге тырысамыз және басқаларға қалай мотивация бере алатынымызды түсінуге көмектесетін түрлі көзқарастарды қарастырамыз. Көшбасшылық. Курстың бұл бөлігінде біз көшбасшылық ұғымын талдаймыз, көшбасшылықтың пайда болуы мен тиімділігін түсінуге көмектесетін әр алуан көзқарастар мен ұстанымдарды қарастырамыз. Командалық жұмыс. Мұнда команданың атқаратын жұмысы мен тиімділігін сөз етеміз. Команда тиімділігінің кеңінен қолданылатын Үлес – процесс – нәтиже моделін пайдалана отырып, команданың әртүрлілігі, командалық процестер және команда нәтижелері сияқты тақырыптарды қарастырамыз. Мәдениет. Соңында ұйым деңгейіне өтеміз және ұлттық мәдениет ұғымына тоқтала отырып, ұйымдық мәдениет түсінігін қарастырамыз. Біз мәдениетті танытудың түрлі тәсілдерін зерттейміз және ұйымдар мен мәдениетаралық ынтымақтастықтағы адамдар үшін мәдениеттің мағынасын талқылаймыз.
4 модулей · 73 учебных материалов

Profesor de Dirección de Personas en las Organizaciones.