Курс от MetaБұл курс әлеуметтік медиа маркетингтің іргетасы іспетті. Әлеуметтік медиа тарихы, қолданылып жүрген әлеуметтік медиа арналарының түрлерімен қатар, әлеуметтік медиа маркетингтің нені қамтитынын оқып үйренесіз. Қажеттілік, белгілеген мақсат пен жетістік өлшемдеріне сай әлеуметтік медиа арнасын таңдауды үйренесіз және таргет аудиторияңыздың қандай екенін анықтайсыз. Курс соңында сіз: дәстүрлі, цифрлық және әлеуметтік медиа маркетингі кеңістігін түсінесіз цифрлық маркетинг маманы сертификатын алу жолын түсінесіз басты әлеуметтік медиа платформаларын танып, олардың қалай жұмыс істейтінін, маркетингте қандай рөл ойнайтынын түсінесіз SMART мақсаттар белгілеп, KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіштері) анықтайсыз дұрыс әлеуметтік медиа платформаларын таңдап, әлеуметтік медиа ережелерін жазу тәсілін үйренесіз. Курсқа қандай біліммен келсеңіз де, бұл курс сізге әлеуметтік медиа маркетингтің мықты іргетасын қалауға және әлеуметтік медиа маркетингтегі жұмысыңызды жемісті және көрнекі етуге көмектесетін қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Студенттің маркетингте тәжірибесі болуы шарт емес, бірақ интернет навигациясында қарапайым дағдыларды меңгерген болуы және әлеуметтік медиаға қосылуға және ондағы әрекеттерге қатысуға әзір болуы керек. Студенттің Facebook аккаунты болуы тиіс және Instagram аккаунты да қажет.
5 модулей · 85 учебных материалов

CEO & Co-Founder Aptly, Adj. Professor, UCLA Anderson School of Management